Алматыда «Qazaq Book Fair» ауқымды кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматыда «Qazaq Book Fair» ауқымды кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бұл аспектінің маңыздылығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың наурыз айында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде атап өткен болатын. «Біз, ең алдымен, жастарға кітап оқуға деген сүйіспеншілікті сіңіруіміз керек. Сонда ғана біз оқитын ұлт боламыз. Ұлтымыздың өркендеуіне апаратын ең маңызды баспалдақтар – кітаптар. Сондықтан қоғамда кітап оқудың жоғары мәдениетін дәйекті түрде орнықтыруымыз керек».

Көрмеге Қазақстанның ірі баспалары қатысты. Шара аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесулер, қолтаңба сессиялары, балаларға арналған шеберлік сыныптары өтті.

Мәселен, көрмеге келушілердің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ жазушысы Әлібек Асқаровпен; белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлымен «Қазақ қазынасы» кітабының тұсаукесерімен шығармашылық кездесуі ұйымдастырылды.

Шетелдік қонақтардың арасында – ресейлік танымал жазушы Гузель Яхина. Гузель «Зулейха көзін ашады» және «Самарқандқа эшелон» романдарын қазақ тіліне аударған нұсқасын ұсынады.

Көрме-жәрмеңке күндері келушілердің кітап авторларымен кездесуге мүмкіндігі бар.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14; ҚР Ұлттық кітапханасы
Күндері: 15-17 мамыр, сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін


525
17.05.2024