Qazaq Creative Бангкокта халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Qazaq Creative Бангкокта халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкокта «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов Premier Plan Co., Ltd. компаниясының төрағасы Jinhyun Park-пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат қазақстандық креативті индустрия өкілдерінің халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуге және отандық жобалардың шетелдік нарықтарға шығуына бағытталған. Ынтымақтастық аясында қазақстандық компаниялардың FosterBridge халықаралық конференциялары мен бағдарламаларына қатысуы, сондай-ақ өз жобаларын showcase-алаңдарда, питчингтер мен көрмелерде таныстыруы көзделген.

FosterBridge – трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестиция тартуға және перспективалы жобалардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал ететін платформа. Ол стартаптарды, инвесторларды, корпорацияларды, акселераторлар мен мемлекеттік институттарды бір алаңда тоғыстырады.

Бұған дейін FosterBridge платформасы аясындағы іс-шараларға 300-ден астам қатысушы, 50-ден астам инвестор және 20 елдің өкілдері қатысты.

Меморандум қазақстандық креаторлардың халықаралық байланыстарын кеңейтіп, шетелдік серіктестермен тікелей өзара іс-қимыл орнатуына және жобаларын жаңа нарықтарға шығаруға қосымша мүмкіндік береді.

66
27.08.2026