
Абай күніне орай Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Абайдың қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, ғылыми еңбектер, түсіндірмелері бар басылымдар, сондай-ақ оның өмірі мен мұрасына арналған сирек кездесетін жинақтар қойылды. Әсіресе, оның «Қара сөздері» мен поэзиялық туындыларына ерекше назар аударылды.
Абай Құнанбайұлы (1845–1904) — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлттық руханияттың символы. Оның шығармашылығы мен философиялық идеялары қазіргі заманмен үндесіп, жастарға өнеге болып келеді.
Көрменің мақсаты — студенттер мен оқытушыларға Абай мұрасының тереңдігін таныту, оның мәдениет пен білім берудегі орнын көрсету.