«Гүлдер» ансамблінің әртістері Латвиядағы XVII Халықаралық хореографиялық байқаудың лауреаттары атанды

«Гүлдер» ансамблінің әртістері Латвиядағы XVII Халықаралық хореографиялық байқаудың лауреаттары атанды

Дәстүр бойынша байқау француз балет бишісі, теоретигі және балет реформаларын жасаушы, тарихқа «қазіргі бидің атасы» ретінде енген Жан-Жорж Новерреге арналады. Мереке бүкіл әлемде атап өтіледі және осы өнердің барлық стильдеріне арналады.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің әртістері XVII Халықаралық хореографиялық байқауда «Халық биі» және «Хореограф» номинациялары бойынша лауреат атанды.

Байқау Рига қаласында өтті. Оған АҚШ, Латвия, Эстония, Литва, Германия, Австралия, Испания, Греция, Грузия, Жапония, Словения және Қазақстан сияқты әлемнің 12 елінен келген бишілер қатысты.

Осылайша, халықаралық би турнирінің қатысушысы «Гүлдер» ансамблі жаңартылған құрамда аты аңызға айналған шығармашылық ұжымның шығармашылығын лайықты жалғастырып қана қоймай (1969 жылы құрылған), сонымен қатар беделді фестивальдар мен байқауларда халықаралық аренадағы өз позициясын нығайтуда. Соңғы жетістіктерінің бірі - Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова ақпан айында Германияда өткен «TANZOLYMP» халықаралық хореографиялық байқауының лауреаты атанып, алтын медальды жеңіп алды.

Байқауда әртіс екі нөмір ұсынды: Анвара Садықованың хореографиясымен «Аққу» және Алмат Шамшиевтің хореографиясымен «Ерке бала». Байқауға 800-ден астам адам қатысып, олардың тек 34-і ғана іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. «Халық биі» номинациясы бойынша Гала-концертте өнер көрсету мүмкіндігін тек Аққанат Смағұлованың алғанын атап өтеміз.

Тағы бір айта кететін жайт, 2024 жылдың 25 мамырында сағат 18.00-де «ГҮЛДЕР» ансамблі өз жанкүйерлерін және қала қонақтарын жеке концертіне шақырады.

Зал: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (Республика даңғылы, 2)


523
08.05.2024