Бұл лента үздік халықаралық толықметражды фильм деп танылып, «Feature Film-нің үздік дебюттік режиссері» номинациясында жеңіске жетті. Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсанында «Шатыр астындағы азаматтар» фильмі Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына таңдалды. Ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді.
«Шатыр астындағы азаматтар» – бұл екі ерекше адамның достығы туралы фильм: қиын тағдырлы жас жігіт Дамир мен аутист жасөспірім Костя. Картина ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуі және инклюзия құндылықтары тақырыбын қозғайды.