
Қазақстандық әнші Alex Lim «Вокзал» туындысын концерттік бағдарламасындағы тыңдарман ең көп сұрайтын ән деп атады. Өнерпаз оның орындалуынан үзінді жариялап, қолдау білдірген көрермендеріне алғыс айтты.
Жарияланымға композитор Игорь Крутой да пікір білдіріп, «Вокзалдың» әнші репертуарындағы өзі ерекше ұнататын туынды екенін атап өтті.
Alex Lim әлеуметтік желілерде танымал әндерді жаңаша орындап, кавер-нұсқаларын жариялау арқылы кеңінен танылды. 2025 жылы Қазан қаласында өткен «Новая волна» халықаралық музыка байқауында жеңімпаз атанды.
Қазір әнші концерттік қызметін жалғастырып, Игорь Крутоймен бірқатар музыкалық жоба аясында ынтымақтасып келеді.