
Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған республикалық Creative Aimaq жобасы аясында өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде дәстүрлі қолөнер бұйымдары, өңірдің авторлық брендтері, заманауи технологиялар және креативті индустрия саласындағы жобалар таныстырылды.
Жәрмеңкеде өңірдің әдеби мұрасы, бейнелеу және фотоөнері таныстырылды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Алтын қор» цифрлық кітабын, төрт форматта әзірленген инклюзивті ертегі кітаптарын және 3D технологиялар негізінде жасалған тактильді макеттерді жәрмеңкеге қойды. Бұдан бөлек, жергілікті баспалардың кітаптары, суретшілердің картиналары, мүсіндер мен фототуындылар болды.
Жәрмеңкенің алғашқы күніне 3500 адам келді. Креаторлар 8,6 млн теңгенің өнімін сатты.
Креативті жәрмеңке 6 қыркүйекті қоса алғанда күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Астана қаласы, Qazaq Creative Hub, Жошы хан көшесі, 16/2.