8 наурыздағы Элмар Бурибаев дирижерлік ететін Симфониялық оркестрдің, балет труппасының және «Астана Опера» балалар хорының қатысуымен өтетін Néoréalité концерті театрдың Үлкен залының сахнасында өнер иесінің аттас әлемдік турнесі аясында өтеді.
«Мен үшін «Астана Операда», ең жоғары көркемдік шеберліктің және мәдени мұраның көрінісі болып табылатын сахнада өнер көрсету үлкен мәртебе. Бағдарламада менің ең маңызды шығармаларымның кейбір негізгі тұстары, соның ішінде әлемдік Néoréalité турнесіне атау берген туынды, сондай-ақ «Ұшамын», «Отан», ЮНИСЕФ-тің «Бесік жыры» әнұраны және Ad Vitam Aeternam симфониясының бірнеше бөлігі орындалады. Бұл концерт Симфониялық оркестрмен, балет труппасымен және Алтынғаным Ахметованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының балалар хорымен ынтымақтастықта жүзеге асырылады, бұл шынымен де көпсалалы көркем тәжірибе жасайды», - деп атап өтті Стив Баракатт.
Музыкалық продюсер және креативті директор Стив Баракатт ресми әнұрандардың әлемдегі жетекші авторларының бірі болып табылады: ЮНИСЕФ-тің «Бесік жыры» әнұраны, қалалардың әнұрандары, Квебек Ұлттық орденінің әнұраны және көптеген беделді ұйымдар мен іс-шаралар. Концерттік пианист ретінде бес құрлықта 500-ден астам тікелей өнер көрсетті, ал оның музыкасы жүздеген теледидарлық бағдарламалар мен сериалдарда, FIFA футболдан әлем чемпионаты және Формула-1 Гран-приі сияқты ірі спорттық телехабарларда ойнатылды. Оның кең дискографиясынан шыққан альбомдарының бес миллионнан астамы бүкіл әлем бойынша сатылды, ал оның музыкалық каталогы YouTube-те 250 миллионнан астам қаралым жинады. Шығармашылық мансабының отыз жылдан астам уақытында Стив Баракатт көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде Квебек Ұлттық орденінің кавалері атағына ие болды, жетекші ұжымдармен, әртістермен, дыбыс жазу лейблдерімен, студиялармен, брендтермен және ұйымдармен бүкіл әлем бойынша жүздеген жобада ынтымақтастықта болды.
«Néoréalité – бұл шынайылықты қайта қарау, өзгерістерді қабылдау және шығармашылық пен жеке шекараларды кеңейту. Бұл тыңдаушыларды қандай да бір шектеулерден тыс армандауға және жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге шақыратын музыкалық саяхат. «Астана Операдағы» бұл концерт бұл көзқарасты тамаша көрсетеді. Музыканы, оркестрлеуді, хорлық элементтерді және балетті біріктіре отырып, біз дәстүрлі форматтардан шығатын қойылым жасаймыз. Көрермендер өздерінің жаңа шынайылықтарын қалыптастыру үшін шабыт пен күш сезімімен кетеді деп үміттенемін», - деп атап өтті Стив Баракатт.