Радик Темірғалиев - тарихшы, публицист, "Қазақ тарихи қоғамының" атқарушы директоры, қазақтардың тарихы бойынша бірнеше ондаған публицистикалық және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы.
Радик Темірғалиевтің барлық кітаптары - Қазақстан тарихында болған түрлі кезеңдер мен оқиғалар туралы.
Бастапқыда «Tamga. Қазақ тайпаларының тарихы» кітабының идеясы 2018 жылы tamga брендінің философиясын ілгерілету бойынша пайда болды және бірте-бірте үлкен ғылыми еңбекке айналды. Кітап қазақ тайпалары мен руларының тарихына арналған. Онда көптеген тартылған дереккөздердің негізінде қазақ тайпаларының пайда болуы және олардың түрлі тарихи процестер мен оқиғалардағы рөлі сипатталады. Түрлі тайпалардың өзара қарым-қатынастары және олардың хандық және сұлтандық билікпен қарым-қатынасы мәселелері қарастырылады. Жекелеген тайпаларға белгілі бір аумақтардың бекітілуі, сондай-ақ олардың көші-қоны тақырыбы жазылады. Көрнекті тарихи тұлғалардың өмірбаяндарына едәуір көңіл бөлініп, ғасырлар бойы рулар мен тайпаларды басқарған ерекше билеушілер әулетінің өмір сүруі көрсетілген. Кітапты безендірудегі барлық иллюстрациялардың өзіндік мәні бар.
Кітап бес бөлімнен тұрады, оның үшеуі Үлкен, Орта және Кіші жүздердің халықтары туралы баяндайды. Төртінші бөлім «жүзден тыс» орналасқан тайпаларға, ал бесіншісі – Қазақстанның ірі этностарының тарихы туралы баяндайтын жаңа, «төртінші» жүзге арналған.
Кітап кәсіби зерттеушілерге, оқытушыларға, студенттерге және Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған.
Оқырмандармен кездесуде «Tamga» авторының жанында Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбітов және әлеуметтанушы, «Бес жыл» романының авторы Камила Ковязина да болды.
/Р. Темірғалиевтің Facebook-тегі жеке аккаунтынан алынған фото/