Ғылыми экспедиция нәтижесінде 40-қа жуық көне қолжазба табылды

Ғылыми экспедиция нәтижесінде 40-қа жуық көне қолжазба табылды

Көне кітаптардың арасында - XVIII ғасырдың ортасында өмір сүрген Суфи Аллаярдың еңбегі, өлең түрінде жазылған Пайғамбарлардың өмірбаяны, Қазанда басылып шыққан Қасиетті Құранның бірнеше данасы, түрік-осман жазушысы Мұхаммед Челебидің 1894 жылы Қазанда жарық көрген «Мухаммадия» кітабы, «Маулит» еңбегі, Физулидің өлеңдері, ханафиттік мектептің іргелі шығармаларының бірі «Шарх әл-Викая», 1893 жылы жарық көрген «Шарх әл-Кафия ли-Исфаханди», Ходжи Хафиз Ширазидің парсы тіліндегі ғазелі, Мұхаммед Саляхтың 1902 жылы Қазанда басылып шыққан «Тарджама Мухтасар әл-Викая» шығармасы, сондай-ақ шағатай тіліндегі араб грамматикасы бойынша кітаптар мен мұсылман күнтізбесі.

Сонымен қатар, қолжазбалар орталығының қызметкерлеріне кітаптар сақталған қара былғарымен қапталған құнды сандық тапсырылды.

Ғылыми-зерттеу экспедициясы барысында ғалымдар Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясында, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихнама орталығында болды.

Аталған мекемелерден бірнеше құнды кітаптардың көшірмелері алынды.

545
10.05.2024