Qazaq Creative пен Қазақ ұлттық хореография академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Qazaq Creative пен Қазақ ұлттық хореография академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандумға Креативті индустрияларды дамыту қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов пен Академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова қол қойды.

Ынтымақтастық креативті арт-индустриялар факультетінің студенттеріне оқу барысында мәдени және шығармашылық жобаларға қатысуға, нақты міндеттермен жұмыс істеуге, кәсіби дағдыларын дамытуға, портфолио қалыптастыруға және алғашқы кәсіби байланыстарын орнатуға мүмкіндік береді.

Практикалық тәжірибе студенттерге индустрияның ерекшелігін жақсы түсініп, кәсіби бағытын айқындауға және мансабындағы алғашқы қадамдарын жасауға жол ашады.

181
15.09.2026