Креативті жобаларды инвестициялық қолдау мәселелері талқыланды

Креативті жобаларды инвестициялық қолдау мәселелері талқыланды

Креативті индустрияларды дамыту қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов Creative Capital Fund LP басқарушы компаниясының бас директоры Айғаным Сүлеевамен кездесті.

Кездесу барысында Айғаным Сүлеева Creative Capital Fund LP қорының негізгі бағыттары, инвестициялық стратегиясы және жобаларды іріктеу тәсілдері туралы таныстырды. Қордың көлемі 21 млрд теңгені, ал орташа инвестициялық чек 500 мың – 1 млн АҚШ долларын құрайды.

Қордың инвестициялық фокусы кино, музыка, IT және GameDev, дизайн мен сән индустриясы және басқа да креативті бағыттарды қамтиды.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Құжат аясында Qazaq Creative экожүйесіндегі перспективалы жобаларды қорға ұсыну, бірлескен питчинг-сессиялар өткізу, салалық сарапшыларды тарту және жобаларды дамудың әр кезеңінде қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыру жоспарлануда.

69
22.09.2026