«Астана Опера» театры классика сүйер қауым назарына елорда өміріндегі жарқыноқиға – музыка әлеміндегі ұлы тұлғалардың бірінің 340 жылдығына арналған «Бахжәне оның замандастары» барокко музыкасының фестивалін ұсынады. Ол 1 сәуірдетеатрдың Үлкен залында симфониялық оркестр, хор және опера труппасысолистерінің орындауындағы XVIII ғасырдың біртуар композиторларышығармашылығының тамаша үлгілерінен құрылған мазмұнды бағдарламаменашылады.
Фестивальдің идеялық шабыт берушісі – «Астана Опера» симфониялық оркестрініңсолисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айсұлу Байкенова бұл кеште скрипкадажеке партияны таныстырады.
- Биыл музыка әлемі В.А.Моцарт пен Л.Ван Бетховен сынды әлемдік классиктерге ғанаемес, сондай-ақ заманауи музыкаға да өз шығармашылығымен зор әсерін тигізгенкөрнекті қайраткерлердің бірі, кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бахтың 340 жылдығын атап өтуде. Біздің театрымыз да айтулы оқиғадан қалыс қалған жоқ, бұлфестиваль ұжымның ұлы шеберге деген құрметі болмақ. Бахтың музыкасы өте әсем, мағыналы әрі ерекше салтанатты. Оның тыңдаушылардың басым көпшілігіне түсінікті әріөзекті болғаны сонша, композитордың туындылары арқылы бізбен ғалам тілдесіпжатқандай көрінеді, - деп пікірімен бөлісті Айсұлу Байкенова.
Сондай-ақ аспапшы музыкант тыңдармандарды ауқымды бағдарлама күтетінін атап өтті.
- Бахтың авторлығына тиесілі туындылар қатары өте кең, сондықтан композитордыңбарлық мәдени мұрасын бір фестивальдің ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Алайда бізоның кемеңгер туындысы – Бранденбург концерттерін айналып өте алмадық, олардың бірібіздің фестивалімізді ашады. 10 адамнан құрылған шағын камералық ансамбльменИ.С.Бахтың үш бөлімнен тұратын №3 Бранденбург концерті соль мажорды ұсынамыз. Туындыдағы әрбір аспаптың дауысы – соло, сондықтан музыканттар көп дайындалды. Опера труппасының жетекші солисі Татьяна Вицинскаямен шығармашылық бірлестіктебіз И.С.Бахтың оркестрдің сүйемелдеуінде дауыс пен соло скрипкаға арналған «Матфейгеқұштарлық» ораториясынан «Erbarme dich, mein Gott» ариясын орындаймыз, - дедіскрипкашы.
Бағдарламаның вокалдық бөлігін меццо-сопрано Татьяна Вицинскаямен бірге оның әріптестері, театр солистері сопрано Әсем Сембина және меццо-сопрано Салтанат Мұратбекова таныстыратынын атап өтуіміз керек. Әртістер сахнаға А.Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсынан ариялармен шығады. Сонымен қатар бұл кеште жеке партияны тағы бір аспапшы, флейталар тобының концертмейстері Алексей Косырев орындайды, оның интерпретациясында ұлы неміс композиторы И.С.Бахтың шығармасы – Оркестр мен флейтаға арналған Сюитадан Менуэт және Скерцо («Әзіл») №2 си миноршырқалады. Құрамында театр музыканттары Әнел Шәкірова, Әсел Жақиянова, Ирина Долгих (скрипкалар), Толқын Қилыбаева, Ахмет Сұлтанов, Саид Мамедов (альттар), Курванжан Ахатов, Айдар Қазкен, Мағжан Сағади (виолончельдер), Сәбит Дайыров (контрабас) бар камералық ансамбль «Құрмет» орденінің кавалері, дирижер Руслан Баймурзиннің басқаруымен өнер көрсетеді.
Аталмыш композиторлар ұзақ уақыт орынсыз ұмытылып қалғанын, бірақ мифтік құс феникс күлден тіріліп шыққандай олар да қазір қайта жанданғанын және көрермендердің оларға деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтуіміз керек.
- Әлбетте, жобаның бастамашысы ретінде мен үшін бұл өнер көрсету өте құнды. Орындаушы болғаным үшін ғана толқып тұрған жоқпын, шараны өткізетінім үшін де үлкен тебіреністі сеземін. Десе де, мен кез келген концертті мереке ретінде санаймын. Бұл көрермендер үшін және ең әуелі өнер көрсететін әртістер үшін мейрам. Шарамыз өз деңгейінде өтеді және барлығы – қатысушылар да, бізді тыңдауға әрі қолдауға келетін жандар да зор рақатқа бөленеді деген үміттемін, - деді Айсұлу Байкенова.
Концерттің шарықтау шегі Антонио Вивальдидің Gloria вокалдық-симфониялық ораториясы ре мажор болмақ. Барокко дәуіріндегі италиялық музыканың ірі өкілінің танымал туындысы алғаш рет «Астана Опера» сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігіндегі театр хорының және симфониялық оркестрінің орындауында ұсынылады.
- Дәл осы шығарманы орындау идеясы фестивальдің шабыт берушісі Айсұлу Байкенованың бізге осы фестиваль аясында хор туындысын орындау туралы ұсыныс айтуынан кейін пайда болды, сөйтіп мен И.С.Бахтың замандасы Антонио Вивальдидің Gloria ораториясына жүгінуге кеңес бердім. Осынау жарқын, көркем әрі әйгілі туындының жекелеген нөмірлері кинофильмдерде жиі қолданылады. Бұл кемеңгер туынды қабылдауға жеңіл болғанымен, орындау жағынан стилистикаға қатысты өз қиындықтары бар. Өйткені барокко дәуірінің музыкасы төрт ғасыр бұрын, яғни авторлар өмір сүрген кезеңде қалай орындалғаны бізге нақты белгілі емес. Жекелеген композиторлардың, оның ішіндеВивальдидің партитураларында стилистикалық детальдер жазылмаған. Осыған қарамастан, оны қалай орындау керектігі жайлы өзіміздің тәжірибеміз бен түсінігіміз бар, - дейді театрдың бас хормейстері Ержан Дәуітов.
- Біздің хор ұжымымызда жоғары кәсіби, өте жақсы дайындалған және оқудан өткен музыканттар еңбек етеді. Өзіміздің түсіндірмемізде біз ұстаздарымыздың және олардың ұстаздарының ұлы мұрасындағы дәстүрлерді сақтаймыз. Барлығы да керемет өтіп, бұл оқиға тыңдармандардың зор қызығушылығын оятады деп ойлаймын, себебі А.Вивальдидің осынау өшпейтін жауһары Астанада көптен бері шырқалмай келді. Мұндай туындыдан «Астана Опера» сынды үлкен сахнада ләззат алу мүмкіндігі көрермендерге бұдан да зор шабыт сыйлайды, - деп пікірін қосты маэстро. - «Фестиваль» ұғымын мереке деп түсінетініміз барлығына белгілі, өйткені ол латын тілінде «мерекелік» деген мағынаны білдіретін festivus сөзінен шыққан. Сондықтан барокко музыкасы фестивалінің ашылуында Gloria сынды мерекелік туындының шырқалатыны, меніңше, салтанатты шарамыздың маңыздылығын арттыра түседі.
Сондай-ақ Ержан Дәуітов хор әртістері сахнаға шығатын сәтті қуанышпен күтіп жүргенін айтты.
– Біздің театрымыздағы хор – бұл көпфункциялы ұжым, ал оның әртістерінің шеберлігінтүрлі жанрлардағы туындыларды жоғары деңгейде орындай алуларынан байқауға болады.Бұл өнер көрсетумен тобымыздың икемділігін, сондай-ақ репертуардың ауқымы мен сан алуандылығын паш етеміз. Әлбетте, біздің негізгі өніміміз опералық қойылымдарболғанымен, музыканттар әрдайым өздерін түрлі музыкада көрсетуге талпынады, сондықтан бұл фестиваль біз үшін айтулы оқиға болмақ. Сол үшін концертке дайындық барысына барлығымыз зор құлшыныспен және көтеріңкі көңіл күймен келдік, - деді Ержан Дәуітов.
Еске сала кетейік, «Астана Опера» хорының қызметтік тізімінде көптеген беделді халықаралық марапаттар бар, оның ішінде XI Қытай халықаралық хор фестивалінің алтын медалін, Польшада өткен «Хайнувка» халықаралық байқауындағы бірінші орынды айта кетуге болады. Осынау беделді байқауда ұжым керемет жеңіске қол жеткізіп қана қоймай, гастроль аясында қазақстандық композиторлардың музыкасынан жеке концертпен өнеркөрсетті.
Театрдың хор ұжымының жоғары кәсібилігі мен теңдессіз шеберлігі республикамызда және одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Театр хорының орындауындағы жарқын концерттік бағдарламаларға «Астана Операдағы» туған сахналарында ғана емес, Қазақстан қалалары мен шетелдің жетекші залдарында көрермендер бірнеше мәрте қошемет көрсеткен. Отандық және әлемдік өнер қайраткерлері мен сыншылар елордалық театрдың жарқын әрі қуатты хорын бірауыздан атап өтеді. Музыкатанушы және өнертану кандидаты Жанат Ордалиева harpersbazaar.kz сайтындағы сыни мақаласында ұжымның шығармашылығын жоғары бағалаған еді. «Театрдың бас хормейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігіндегі тамаша хор сахналарын айрықша атап өткім келеді. Жас әрі балғын дауыстардың сыңғырлаған үні шынымен бірлескен орындаудың нәзіктігімен және әсемдігімен қуантты», - деп жазды музыкатанушы.
«Бах және оның замандастары» музыкалық фестивалі аясында көрермендерді алда 3 және 6 сәуірде К.Байсейітова атындағы Камералық залда тағы екі қызықты концерт күтеді. Мұнда театрдың шығармашылық күштері көпшілікті барокко дәуірінің музыкалық кемеңгерлерінің ауқымды мұрасымен одан да жақынырақ таныстырады.
Концерттің басталуы 19:00-де.