Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» сахнасында «Шексіз музыка» опералық-симфониялық концерті өтті.
Концертті Тілес Қажғалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашты, «Астана Опера» оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен өнер көрсетті. Дж.Россинидің аттас операсынан Семирамиданың ариясын Салтанат Ахметова орындады. Баритон Дінмұхамед Қошқынбаев «Япурай» қазақ халық әнін орындады.
Петр Чайковскийдің виолончельге арналған рококо тақырыбына арналған вариациясын оркестрмен бірге танымал виолончелист Сергей Ролдугин ұсынды.
Музыкалық кешті скрипкашы Павел Милюков Д.Шостаковичтің скрипка мен оркестрге арналған №1 концертін орындаумен аяқтады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі