Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті 1-ден 1 слайд. Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті

Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті 1-ден 1 слайд. Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті

Абай облысында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Этнохалық» этнофестивалі өтті.

Фестивальге өңір студенттері қатысты. Мәдени іс-шара барысында жастар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр туралы ән айтып, би билеп, өз өнерін ортаға салды.

Бағдарлама аясында ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға, жастардың бастамаларын қолдауға, ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

157
27.09.2026