Ұлттық орталықтың қоры құнды қолжазбалармен толықтырылды

Ұлттық орталықтың қоры құнды қолжазбалармен толықтырылды

Жергілікті мешітте олар XIX-XX ғасырлардағы сирек қолжазбалардың мыңға жуық данасын тапты, олардың 27-сі Ұлттық орталықтың қорына берілді. Олардың арасында Әбдулла Румидің көне түркі тіліндегі кітабы, қырық хадис, Кеңес Одағының барлық мұсылмандары үшін мужрах және т.б. бар.

Ғалым-тарихшы Амантай Исаұлының жеке ғылыми кітапханасына барған кезде делегацияға ғалымның 15 қолжазбасы мен сирек еңбегі тапсырылды. Оның ішінде 1888 жылы жарық көрген «Ғылым халы» және 1891 жылы жарияланған «Тәржіма ғин әл ғалам», ХХ ғасырдың басындағы Қазан, Орынбор, Уфа қалаларынан шыққан сирек кітаптар бар.

«Жергілікті мешіттен табылған сирек кітаптар мен қолжазбалардың бай коллекциясы өңір тарихының ажырамас бөлігі ретінде ата-бабаларымыздың баға жетпес мұрасы болып табылады. Оны сақтау өте маңызды», - деп атап өтті қалпына келтіру және консервациялау бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков.

Айта кетейік, экспедициялардың басты мақсаты - Қазақстан аумағындағы өзекті қолжазбалар мен сирек кітаптардың бірыңғай тізімін қалыптастыру, оларды мемлекеттік тізімге енгізу. Қолжазбаны мұқият зерттегеннен кейін оны қалпына келтіру жұмыстары басталады.

558
15.05.2024