
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» ұйымдастырған Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерге арналған республикалық балалар суреті байқауының финалына 900-ден астам жұмыс өтті.
Байқау финалистерінің жұмыстары өнер, дизайн, музей ісі және жануарлар дүниесін қорғау салаларындағы 7 сарапшыдан құралған комиссия тарапынан бағаланды. Әр жұмыс 100 балдық жүйе бойынша сараланды: оның 70 балы көркемдік орындалуына, 30 балы авторлық эссеге берілді.
Байқаудың арнайы «Халық таңдауы» номинациясы бойынша ашық онлайн дауыс беру басталды. Енді кез келген адам өзіне ұнаған финалистің жұмысын қолдап, дауыс бере алады.
Дауыс беру QazaqCulture порталындағы QazaqCreative бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Қатысу үшін:
Бір профильден тек бір дауыс есепке алынады.
«Халық таңдауы» номинациясының жүлде қоры 500 000 теңгені құрайды. Номинация жеңімпазы ашық онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады.
Байқау Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерді танытуға, балалардың шығармашылық қабілетін қолдауға және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Өзіңізге ұнаған жас суретшінің жұмысын қолдап, «Халық таңдауы» номинациясына өз дауысыңызды беріңіз!