«Ғасырлар Руханияты» көрмесінде 30-ға жуық сирек кездесетін кітаптар мен 50 қолжазба ұсынылды

«Ғасырлар Руханияты» көрмесінде 30-ға жуық сирек кездесетін кітаптар мен 50 қолжазба ұсынылды

Көрмеге келушілерге XVIII-XX ғасырларда жарық көрген араб, парсы және шағатай тілдеріндегі 30-ға жуық сирек кездесетін кітаптар мен 50 қолжазба, жазбаша ескерткіштер, Марал ишанның ұлы Қалмұхаммедтің, Сейтпенбет кереметшінің, Бұқарбай батырдың, Сердәлі бидің тарихи тұлғаларының мөрлері, Сыр өңірінің ақындары мен айтыскерлері пайдаланған сегіз музыкалық аспап ұсынылды.

Оған Астана қаласының Мемлекеттік архивінің, Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениеті орталығының, Еуразия ұлттық университетінің, «Аманат» партиясының өкілдері, ғалымдар мен мамандар қатысты.


Сондай-ақ қонақтар елдің рухани байлығы болып табылатын құнды жазбаша мұралармен және тарихи жәдігерлермен таныса алды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

505
30.04.2024