Елордада Армения мәдениеті күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Елордада Армения мәдениеті күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян қатысты.

Іс-шара басталмас бұрын екі елдің президенттері театрдың фойесінде армянның ұлы кинорежиссері және суретшісі Сергей Параджановтың 100 жылдығына арналған фотокөрмені тамашалады.

Концертте Арменияның мемлекеттік джаз оркестрі мен өнер шеберлері Инга Аршакян, Гор Суджянның орындауында әлемге әйгілі армян композиторлары Комитас, Шарль Азнавур, Жорж Гарваренц және Арно Бабаджанянның туындылары шырқалды.

Сонымен қатар, 15-16 қазан күндері Астанада армян киносы күндері өтеді. Ал Сос Саркисян атындағы «Амазгаин» театры елорда тұрғындарына Даниил Хармстың шығармаларының желісі бойынша қойылған «Лю-Беф» спектаклін ұсынады.


308
15.10.2024