Форумда волонтерлер елдегі мәдениет ескерткіштерінің қазіргі жағдайын талқылап, оларды қалпына келтіру тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ республиканың тарихи-мәдени мұрасын қорғау жолдарын іздейді.
«Мәдени мұра – халық қазынасы» республикалық форумының негізгі міндеті – тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау. «Birgemiz: Asyl мura» тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі жалпыұлттық жобасы тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жұмысына 2000-нан астам волонтерді тартуды қамтиды.
Форумның мақсаты - деректі сериалдар мен энциклопедиялар әзірлеу арқылы халық арасында тарихи-мәдени мұра объектілерінің танымалдығын арттыру. Мұндай бастамалар мен іс-шаралар елдің мәдени мұрасын сақтауға деген байыпты көзқарасты және азаматтардың бұл процеске белсенді қатысуын көрсетеді.