Жақында ел Президенті елдің үш басты мұражайына ұлттық мәртебе берілетінін мәлімдеді. Олардың бірі – Қазақстанның музей ісінің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған Қазақстанның алғашқы мемлекеттік мұражайы - ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы. Ол Орталық Азиядағы ең көне және ірі мұражайлардың бірі болып саналады. Биыл нысанның құрылғанына 104 жыл, ал 95 жыл бұрын мұражай Алматыға көшірілді.
Мұражайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ең көне мұражайының алғашқы қорлық және экспозициялық коллекцияларының негізіне XIX ғасырдың 30-жылдарында Неплюев әскери училищесі жанынан құрылған Орынбор мұражайының «Орынбор өлкесінің мұражайы» жинағы салынды. Орталық мұражай Алма-Атаға көшірілгеннен кейін оған Жетісу мұражайы, сондай-ақ Дін және атеизм мұражайы қосылып, мұражай қорлары айтарлықтай толықтырылды. Мұражай жұмысының жалпыхалықтық мойындауға ие болуы үшін 1944 жылы ол ҚазССР Орталық мемлекеттік мұражайы деп аталды.
Мұражайда әр жылдары тарихшылар, этнографтар, суретшілер, мұражайтанушылар, жазушылар, тіл мамандары-лингвистер, ағартушылар, қоғам және саяси қайраткерлер, оның ішінде Ахмет Байтұрсынов, Әбілхан Қастеев, Әлкей Марғұлан, Александр Бернштам, Владимир Даль, Юрий Домбровский, Николай Хлудов және т.б. сияқты танымал тарихи тұлғалар жұмыс істеді.
Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы
Қазіргі уақытта мұражай әртүрлі бағыттарда қызмет етеді: мәдени-ағартушылық, экспозициялық-көрмелік, сақтаушылық, ғылыми-зерттеу, реставрациялық, коллекциялық, есепке алу, редакциялық-баспалық және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.
Тас дәуірі (ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының экспозициясынан)
ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қоры 273 611 сақтау бірлігін құрайды, оның 28 838-і ұлттық мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Н. Хлудов «Борандағы көш» (ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қорынан)
Айта кетейік, мұражайлар әрқашан адамзат тарихы мен мәдени мұрасының сақтаушысы болып қала береді, өйткені олар үлкен ғылыми-ағартушылық және білім беру-тәрбиелік жұмыс жүргізеді.
Кілем түкті. Басы XX ғасыр (ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының қорынан)
Қазақстан мұражайларының қорында 4 000 000-нан астам мұражай экспонаттары бар, олардың 360 мыңы ұлттық мәдени мұра объектілері болып табылады.