Мария Мудряк туған қаласында өнер көрсетеді

Мария Мудряк туған қаласында өнер көрсетеді

Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайының сахнасында 19 наурызда әлемдік опера жұлдызы Мария Мудряк пен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Концертте көрермендер өздерінің танымал отандастарының орындауындағы опера өнерінің көп қырлы әлеміне сүңгіп кетеді. Бағдарламада итальян операсының шедеврлері, австриялық опереттаның романтикасы, сондай-ақ жалынды және құмар испан сарсуэласы орындалады.

«Мен туып-өскен қалам – Павлодарда концерт беру мүмкіндігіне ие болғаныма шексіз бақыттымын. Сондай-ақ, «Астана Балет» театрына олардың керемет симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетуге тағы бір мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді», — деп бөлісті Мария Мудряк.

Айта кетейік, 17-19 наурыз аралығында «Астана Балет» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Павлодар қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Елордалық театр көрермендерге балет, симфониялық және опера өнерінің бірегей синергиясын жасай отырып, әртүрлі жанрлар мен стильдерді біріктіретін ерекше бағдарлама дайындады. Артистер Бизе-Щедриннің «Кармен-сюита» балетін ұсынады.

Екінші бөлімде жас талантты балетмейстер Айнұр Әбілғазинаның қойылымында Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған «Триумф» бір актілі балеті көрсетіледі.

257
03.03.2025