Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде этностильдегі сән көрсетілімі өтті

Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде этностильдегі сән көрсетілімі өтті

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде этностильдегі ерекше сән көрсетілімі өтті. Іс-шара дәстүр мен заманауи сән үйлесімін айшықтайтын жарқын мәдени оқиға ретінде Ұлттық киім күніне ұйымдастырылды.

Сән көрсетілімінде ұлттық құндылықтарды заманауи сән индустриясымен ұштастырып жүрген отандық этностильдегі киім дизайнерлері Мақпал Нұрақ пен Анель Асанованың авторлық топтамалары көпшілік назарына ұсынылады.

Шара қазақтың дәстүрлі киім мәдениетін жаңғыртып қана қоймай, оның эстетикалық мәнін, көркемдік ерекшелігін және заманауи сәнмен үндестігін танытты.

137
18.03.2026