Режиссерді "Ароматное сердце" психологиялық драмасын жасауға шабыттандырған фотосурет

Режиссерді "Ароматное сердце" психологиялық драмасын жасауға шабыттандырған фотосурет

Басты кейіпкер Самат – сотталып түрмеде отырған азамат. Ол түрмеден шыққаннан кейін жүрек ауыстыру операциясын жасайды. Операциядан кейін ол таңғажайып өзгерістерді сезінеді. Самат әлемге және өзінің әрекеттеріне жаңаша қарай бастайды.

«Шын мәнінде, донорлық басты тақырып емес. Бұл кез келген адам өзгере алатыны туралы. Мен адамдардың мінсіз болуын күтпеймін, бірақ кейде өмірімізде не болып жатқаны туралы ойлану керек. Бірде мен қайтыс болғаннан кейін донор болған жігіттің ата-анасы оның жүрегінің соғысын басқа адамның кеудесінен тыңдап тұрғанын көрдім. Бұл сурет мені таң қалдырды. Біз сценарийді тоғыз ай жаздық және көптеген сәттерді өмірден алдық», – дейді лента режиссері Максим Кодаров.

Айта кетейік, «Ароматное сердце» фильмі Максим Кодаровтың толықметражды кинодағы дебюті. Оның сценарийін Наталья Беспечная мен Елена Вовнова жазған, ал жобаның продюсері Саин Габдуллин болды. Кино өндірісімен «Алижанфильм» және «Компания КИНО» студиялары айналысты.

Картинадағы басты рөлдерді Ержан Нұрымбет пен Айнұр Бермұхамбетова, фильмнің жас жұлдызы басты кейіпкердің ұлын сомдаған Тагир Мирзадинов сомдады.

«Ароматное сердце» – өзгерістер, ішкі күрес және өзіне жол іздеу туралы фильм. Сюжет трансплантология тақырыбын ғана емес, сонымен қатар буллинг, отбасындағы дағдарыстық жағдайлар және өмірдің қиын сәттеріндегі қолдау мәселелері сияқты маңызды әлеуметтік мәселелерді де қозғайды.

299
10.04.2025