Нури Білге Джейлан — Канн кинофестивалінде бірнеше рет марапатталған көрнекті түрік режиссері. Оның «Қысқы ұйқы» фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары марапатына — «Алтын пальма бұтағына» ие болды. Сонымен қатар, Джейлан «Алыстау» және «Анадолыда бір кездері» фильмдері үшін қазылар алқасының Гран-приін алды. 2008 жылы ол «Үш маймыл» фильмі үшін үздік режиссер деп танылды. Нури Білге Джейлан Канн кинофестивалінде жеті марапатқа ие болды.
«Кинематографияның мойындалған шебері, Нури Білге Джейлан – фильмдері әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырған Түркияның ең маңызды режиссерлерінің бірі. 2024 жылы ол «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы болады», – деп атап өтті Диана Әшімова.
Канндағы жеті марапаттан басқа, оның жұмыстары басқа да беделді кинофорумдарда атап өтілді. 2000 жылы «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық киноакадемиясының ФИПРЕССИ сыйлығын алды. Джейлан әлемнің әр түрлі кинофестивальдерінде 97-ден астам марапаттың иегері.
Нури Білге Джейлан 1959 жылы 26 қаңтарда Стамбулда дүниеге келген. Оның есімі әрқашан терең, поэтикалық және интеллектуалды фильмдермен байланысты. Джейлан өзінің бірегей авторлық стилімен танымал, онда нәзік көрнекі эстетика мен адам табиғаты, уақыт, жалғыздық және жады туралы философиялық ойлар үйлесімді түрде үйлеседі.
«Еуразия» халықаралық кинофестивалінің қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Білге Джейлан кино мен Шығыс пен Батыс мәдениетіне өзінің бірегей көзқарасын қосады.
Фестивальдің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Атап өтейік, демеушілер: KAZ Minerals тобы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors.
Бас серіктес: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Еуропа плюс Қазақстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «Казинформ» ХАА, Arbat Media, El.kz, Baq.kz.