Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» атты кеш өтеді

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» атты кеш өтеді

2026 жылы қазақ кәсіби ұлттық музыкасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-інің халық әртісі, көрнекті ғалым, композитор, дирижер, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толады. 23 қаңтар күні мерейтойға орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залында «Ғасырлар пернесі» атты концерт өтеді.

Концерт бағдарламасына ұлы тұлғаның музыкалық мұрасынан алынған таңдаулы туындылары енген. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Айдос Жабағин, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары және өзге де өнерпаздар қатысады.

Концерт аясында ҚР Ұлттық музейі құрамындағы Ахмет пен Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музейі ұйымдастырған «Ұлт рухын асқақтатқан тұлға» атты көрме ұсынылады. Экспозицияда архив құжаттары, сирек фотосуреттер, қолжазбалар, нота жинақтары, кітаптар, жеке заттары, замандастары мен шәкірттеріне қатысты материалдар қойылады.

167
15.01.2026