Елімізде құжаттарды сақтайтын 236 мемлекеттік архив бар. Соның ішінде 5 республикалық, 5 арнаулы, 1 Президент архиві және 225-і облыстық, қалалық, аудандық архивтер жұмыс істейді.
Республика бойынша архив қызметкерлерінің саны – 3 мыңнан астам.
Еліміздегі барлық архивтер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңына сай қызмет атқарады.
Архив қоры жыл сайын орта есеппен 16 мыңнан астам ұйымнан 300-400 мың іспен толықтырылады.
Қазіргі таңда ҚР Ұлттық архив қорында 27.5 млн-нан астам құжат сақталады.
Архив халықтың деректі жадының сақтаушысы ретінде елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығымен сақталуын қамтамасыз етеді.
Барша архившілерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Еліміздің тарихи мұрасын жинақтап, келер ұрпаққа жеткізу жолындағы еселі еңбектеріңіз табысты болсын!