Биыл қазылар алқасының 70%-ы – Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Қытай, Швеция, Ресей, Мароккодан келген шетелдік сарапшылар, бұл фестивальдің ашықтығын және оның әлемдік кинематограф үшін маңыздылығын көрсетеді.
2024 жылдың 24-30 қарашасында Алматыда «Еуразия» XVII Халықаралық кинофестивалі киноның көрнекті қайраткерлерін – режиссерлерді, актерлерді, сценарийшілерді және бүкіл әлемнен келген көрермендерді жинайды.
Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасу, киноиндустриядағы өзекті трендтерді талқылау және қазіргі киноны дамытуға жаңа тәсілдер жасау үшін бірегей алаңға айналады.
Фестиваль бағдарламасында екі басты конкурс бар - Халықаралық конкурсты әлемдік киноның аңызы: Каннның «Алтын пальма бұтағының» иегері Нури Бильге Джейлан басқарады. Қазылар алқасының құрамында – Рано Шодиева, Нада Ажари Гиллон, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов және қырғызстандық режиссер Артықпай Сүйіндіков.
Орталық Азия және Түркі әлемі елдерінің конкурсын қытайлық режиссер Ли Баохуа басқарады, ол мәдени мұраға арналған жұмыстарымен танымал. Онымен бірге фильмдерге Абделила Эль Джаухари, Алексей Тельнов және қазақстандық продюсер Жанна Қуанышева баға береді.
Азия елдері кинематографына бірегей көзқарасты қамтамасыз ететін НЕТПАК қазылар алқасының қатысуы ерекше маңызды. Биыл оның құрамында Нина Кочеляева, Гульбара Толомушова және Андре Рафаэль Иванов бар.
Фестивальдің жүлде қоры 20 миллион теңгеден асады, оның ішінде Гран-при иегеріне 4 миллион теңгеден қарастырылған.
Кино көрсетілімдері 25-30 қараша аралығында Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрларында өтеді. Кіру – тегін.
Фестивальдің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Атап өтейік, демеушілер мен серіктестер: KAZ Minerals тобы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, KinoparkTheatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors.
Бас серіктес: Bazis-A Халықаралық құрылыс компаниясы
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Қазақстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Қазақстан», «Новое поколение», ORDA, «Казинформ» ХАА, Arbat Media, El.kz, Baq.kz.