Шексіз кино: бірінші байқау күніндегі фильмдердің құпиялары

Шексіз кино: бірінші байқау күніндегі фильмдердің құпиялары

Бірінші күні көрермендер 4 фильм көрді: «Махаббат туралы фильмдер түсіру керек» (Ресей, Үндістан, 2022) «Нирвана» (Бангладеш, 2022), «Тырналар билейтін жер» (Саха Республикасы, Ресей) және «Мелодия» (Тәжікстан және Иран).

Кинокартиналарды жасаушылармен кездесуде режиссерлер мен продюсерлер өз фильмдерін жасау туралы бірегей тарихтарымен бөлісті және олардың жобаларының артында тұрған құпияларды ашты.

«Нирвана» фильмінің режиссері Асиф Ислам фильм Бангладеште түсірілгенін, жұмыс екі жылға созылғанын айтты. Фильмнің идеясы диалогсыз болуында.

«Бангладеш – халық тығыз қоныстанған ел, онда өте шулы, ақпарат көп, әсіресе ауызша. Сондықтан біз кейіпкерлердің ішкі сезімдеріне назар аудару үшін барлық диалогтарды кесіп тастадық. Фильмге Ренессанс дәуірінің суретшілері шабыт берді. Біз кенепте картинаның әсерін жасағымыз келді – статикалық, бірақ терең», - деп қосты Асиф Ислам.

«Тырналар билейтін жер» фильмінің продюсері Валерия Моторуева, бұл фильмнің Саха Республикасындағы кассалық жиналымдар бойынша үшінші орында екенін атап өтті. Ресей бойынша және басқа да кинофестивальдерде нүктелік көрсетілімдер өткізілді.

«Оның фестивальдік тарихы жалғасуда және келесі жылы да жалғасады. Саха киносының сиқыры шынайылықта. Мұнда адамдар шағын бюджетпен, көбінесе өз қаражатына жұмыс істейді. Режиссер бүгін түсіре алады, ертең жүргізуші, ал арғы күні монтажшы бола алады. Барлығы бір-біріне көмектеседі, бұл киноны шынымен де жанды етеді», – деп атап өтті продюсер.

Сонымен қатар, ол композитор Моисей Кобяковтың жұмысы туралы айтты: «Бұл ерекше нәрсе. Ол ұзақ уақыт бойы саундтрек жасап, компьютерлік графика аяқталғаннан кейін соңғы элементтерді жазды. Оның музыкасы фильмнің визуалды шиеленісін тамаша толықтырады».

«Мелодия» фильмінің режиссері Бехруз Себт Расул өзінің картинасы туралы айтты:

«Фильм Иран мен Тәжікстанда түсірілген. Бұл құстардың әні арқылы әуен жасау керек қыз туралы поэтикалық оқиға. Картина Тәжікстаннан «Оскар» сыйлығына шетел тіліндегі ең үздік фильм ретінде ұсынылды».

Конкурстық бағдарламалардың бірінші күні одан әрі көрсетілімдер үшін жоғары деңгейге жеткізді. Фильмдер киноның мәдени шекараларды қалай жеңіп, көрермендермен эмоция тілінде сөйлесе алатынын көрсетеді.

«Еуразия» кинофестивалі өнердің адамдарды біріктіретінін, оларға көрнекті жұмыстардан ләззат алуға ғана емес, сонымен бірге біз өмір сүріп жатқан әлем туралы ойлануға мүмкіндік беретінін қайтадан дәлелдейді.

Фестивальдің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Атап өтейік, демеушілер: KAZ Minerals тобы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.


Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Еуропа плюс Қазақстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Қазақстан», «Жаңа ұрпақ», ORDA, «Казинформ» ХАА, Arbat Media, El.kz, Baq.kz.


355
26.11.2024