18 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі астаналықтар мен қала қонақтарын «МУЗЕЙ – МӘНДЕР АУМАҒЫ» атты «Музейдегі түнге» шақырады

18 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі астаналықтар мен қала қонақтарын «МУЗЕЙ – МӘНДЕР АУМАҒЫ» атты «Музейдегі түнге» шақырады

Шолу «Балдырған гид» экскурсиялары тәжірибелі гидтердің жетекшілігімен коллекциялар мен көрмелер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. ҚР Ұлттық музейі кітаптарының тұсаукесерінде мәдени мұраның байлығын ашатын ғылыми жобалар аясында шығарылған басылымдар ұсынылады.

«Өнерге жанасу» кескіндеме және мүсін бойынша шеберлік сыныптары әрбір қонаққа өзін нағыз суретші ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Ал «Дана» жобасы аясындағы «Жанданған экспонаттар» музей сабағы еліміздің тарихы мен мәдениетіне енуге, «экспонаттарды жандандыруға» мүмкіндік береді.

«Кескіндеме және графика» үйірмесінің сабақтары тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен көркемдік дағдыларды дамытудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Ал «Танымдық этнография» жобасы аясындағы «Тоғызқұмалақ» музей сабағы бабаларымыздың дәстүрлі ойындарымен таныстырады.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Польша мәдениет министрлігінің стипендиаты, Қазақстан Көркемөнер академиясының мүше-корреспонденті Рафаэль Слэкеновтың «Тәңірдің сәулесі» атты жеке көрмесінің ашылу салтанатын және Қазақ мемлекеттік фольклорлық «Астана сазы» ансамблінің өнерін тамашалауды өткізіп алмаңыздар.

Сонымен қатар, қонақтарды мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы, Роза Бағланова атындағы мемлекеттік концерттік ұйымның «Қазақконцерт» концерттік бағдарламасы және қолөнершілер орталығындағы «Қолөнершілер жәрмеңкесі» күтеді.

Маңыздылығы мен мазмұны жағынан керемет «Дала живописі: символдар, бояулар, бейнелер» және «Ерлік тағзым-елдіктің белгісі» көрмелері келушілерге Қазақстан халқының өнері мен мәдениетінің әлемінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Консервация және қалпына келтіру қызметінің шеберлік сыныптарына, сондай-ақ музей қорынан белгілі тұлғалардың домбырасының дыбысын жаңғырту бойынша «Қоңыр үн» атты дәріс-концертке келіңіздер.

«Музейдегі түнді» өткізуді шешкендер үшін есте қаларлықтай болатын «Жәдігерлер сөйлейді» театрландырылған экскурсиясын және «Жұлдызды гид. 10 жұлдыз. 10 туынды» жобасын жіберіп алмаңыздар.

2024 жылдың 18 мамырында сағат 10:00-ден түн ортасына дейін ҚР Ұлттық музейінде - елорданың ұмытылмас мәдени оқиғасы!

/Мұрағаттық фотосуреттерді ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі ұсынды/


482
14.05.2024