Алматы қаласының күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл айтулы өнер додасы биыл он үшінші рет жалауын көтермек. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақты рухани-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, классикалық және халық музыкасының мәңгілік құндылықтарына баулу. Жоба жас дарындарды анықтап, қазақ классикалық өнерінің беделін көтеруге, жастардың рухани дамуына және отандық композиторлардың шығармаларын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Өтетін орны
· Іріктеу кезеңі: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залы;
· Финал, ашылу және жабылу салтанаты: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен концерт залы.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ алыс-қжақын шетелдерден келген жас опера орындаушылары Алматыда бас қосады. Бұл өнер додасы алматылықтар мен қала қонақтары үшін жарқын әрі есте қаларлық мерекеге айналатыны сөзсіз.
· Байқауға 1990 жылғы 1 қазаннан кейін және 2006 жылғы 1 қазанға дейін туған әншілер қатыса алады.
· Байқау іріктеу және финал кезеңдерінен тұрады. Барлық тыңдалымдар көпшілік алдында өтеді.
· Қатысушылардың өнер көрсету реттілігі жеребе арқылы анықталады және байқау соңына дейін сақталады.
· Финалға 14-тен артық қатысушы жолдама алмайды.
Қатысушылардың өнерін беделді халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының төрайымы: КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова.
Қазылар алқасы мүшелері:
Жауапты хатшы:
Раиса Рузавина – Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (Ресей, Мәскеу).
Қатысушылар халықаралық қазылар алқасынан кәсіби талдау мен ұсыныстар алады. Бұл өнер мерекесі әлем сахналарын бағындыратын жаңа есімдерді ашуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігі, «Мирас» ұлттық мәдениет қоры, «Халық денсаулығы» қайырымдылық қоры.
Байқаудың бас серіктесі: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
Қосымща ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бузурбаев к-сі, 19-үй, 2-кеңсе
Тел.: 8-727-382-25-55
Моб.: +7 701 711 8280; +7 777 303 0703; +7 777 381 1881
E-mail: karla120750@gmail.com
Аккредитация мәселелері бойынша: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ақпараттық қызметінің жетекшісі – Аршат Шарип, +7 747 775 95 77, 338-2252.
E-mail: press.knc@gmail.com