Астанада Манарбек Ержановты еске алуға арналған «Сайра бұлбұл» кеші өтті

Астанада Манарбек Ержановты еске алуға арналған «Сайра бұлбұл» кеші өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Манарбек Ержановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сайра бұлбұл» атты мерейтойлық кеш өтті.

Концерт бағдарламасы ұлттық музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан өнер саңлағының шығармашылық мұрасын насихаттауға арналды. Манарбек Ержанов қазақтың әншілік дәстүрін сақтап, ұлттық музыканың асыл қазынасын кейінгі ұрпаққа жеткізген өнер иесі ретінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Кеш барысында «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері Манарбек Ержановтың репертуарындағы әндерді айтты. Концертке қатысқан Нұрболат Тапалов пен Берік Омаров қазақ музыкасының алтын қорына енген туындыларды шырқап, кештің мазмұнын байыта түсті.

Бағдарлама аясында баян, қобыз, сыбызғы және жетігеннің сүйемелдеуімен халық күйлері мен көпшілікке танымал музыкалық шығармалар орындалды.

57
20.06.2026