Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астанаға арнайы көрме үшін Лондоннан 2 тонна экспонат жеткізілген. Оның ішінде металл инсталляциялар мен мүсіндер, кенеп суреттер, бейнепаннолар бар.
«Менің шығармашылығым — әлемнің шексіз трансформациясының көрінісі. Көрермен ескі формалардың жойылғанын, жаңа формалардың пайда болып, тіпті ерекше дүниеге ұласып жатқанын көрсе деймін», — дейді көрме авторы.
Ұлттық музейде көрмені 3,5 мыңнан астам адам тамашалаған. Экспозиция музейдің 5-қабатындағы көрме залында ұсынылған. Көрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.