Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер саласындағы жоғары оқу орындары рейтингінде көш бастады

Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер саласындағы жоғары оқу орындары рейтингінде көш бастады

Қазақ ұлттық хореография академиясы IQAA – 2026 Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде өнер саласындағы оқу орындары арасында бірінші орын алды.

Рейтингті қалыптастыру кезінде жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми көрсеткіштері, сарапшылар бағасы, сондай-ақ жұмыс берушілердің, студенттер мен түлектердің пікірі ескеріледі.

Академияның жоғары нәтижесі білім беру, ғылым және шығармашылық бағыттағы жүйелі жұмысты, заманауи бағдарламалардың енгізілуін және халықаралық ынтымақтастықтың дамуын көрсетеді.

Қазақ ұлттық хореография академиясы – Орталық Азияда хореографиялық білім берудің көпдеңгейлі толық жүйесін жүзеге асыратын алғашқы әрі бірегей жоғары оқу орны. Академия шәкірттері ұлттық және халықаралық жобаларға қатысып, шетелдік хореография орталықтарымен бірлескен кәсіби даярлықтан өтеді.

36
17.07.2026