
8 ақпан күні «Астана Балет» театрында Симфониялық оркестрдің «From the Fjords to the New World» концерті өтеді. Бір кеште XIX ғасырдағы көрнекті композиторлар – Эдвард Григ пен Антонин Дворжактың шығармалары орындалады. Сонымен қатар сахнада «Астана Балет» театрының Симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.
Концерттің алғашқы бөлімінде Эдвард Григ туындылары, соның ішінде Генрик Ибсеннің «Пер Гюнт» драмасына жазылған музыкадан үзінділер «Таң», «Анитраның биі», «Тау патшасының үңгірінде», сондай-ақ ля минордағы фортепиано мен оркестрге арналған концерті орындалады. Солис партиясын Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Жания Әубәкірова шырқайды. Ал екінші бөлімде Антонин Дворжактың №9 «Жаңа әлемнен» симфониясы тыңдарман назарына ұсынылады.