
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрермен назарына Антонио Вивальди мен Йозеф Гайдн шығармашылығына арналған «Vivaldi&Haydn» атты классикалық музыка кешін ұсынды.
Концертте әлемдік классиканың жауһары - «Жыл мезгілдері» мен австрия композиторы Йозеф Гайднның скрипка мен фортепианоға арналған музыкалық туындысы орындалды.
Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Ал кештің құрметті қонағы ретінде италиялық пианист, Дж. Верди атындағы Милан консерваториясының түлегі Антонелло Д’Онофрио арнайы шақырылды.