Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына арналған көрме елордада ашылады

Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына арналған көрме елордада ашылады

Іс-шара өнертану кандидаты, Қазақ КСР Халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына орайластырылған және елдің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.

Нағым-Бек Нұрмұхаммедов – қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан суретші. Автор өз шығармаларында халықтың рухани әлемін, тұрмысын, тарихи оқиғаларын шеберлікпен бейнелейді. Оның жұмыстарында еңбектің өмірдің негізі ретіндегі құндылығы баса көрсетіледі, суретшінің шығармашылығы арқылы еңбек адамдарына деген құрметті танып, сол дәуірдің бейнесін сезінуге болады.

Суретші живописьтің әртүрлі жанрларында жұмыс істеді: негізінен бұл жанрлық картиналар, сонымен қатар ол бірқатар портреттердің, пейзаждардың, тарихи тақырыптағы картиналардың авторы болып табылады. Тірлігінде ол Франция, Англия, Бразилия, Жапония, АҚШ, Канада, Мексика және Үндістанды қоса алғанда, көптеген шетелдік елдерге саяхаттап, әрбір саяхаты туралы суреттер қалдырды. Суретшінің жұмыстары Канада, Бельгия, Югославия және т.б. көрмелерде ұсынылды. Нұрмұхаммедов сонымен қатар өнертану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың және бірнеше альбомның авторы болып табылады.

Көрме екі бөлімнен тұрады: «Туған өлке пейзаждары» және «Еңбек және абырой: еңбек адамдарының портреттері». Іс-шараға суретшінің жақындары, шәкірттері, өнертанушылар және қоғам қайраткерлері қатысады.

293
12.11.2024