Конкурс-2026: 277 өтінім сараптама кеңесінің қарауына жолданды

Конкурс-2026: 277 өтінім сараптама кеңесінің қарауына жолданды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мемлекеттік қаржылай қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңі аясында сценарийлер мен сценарийлік жоспарларды қабылдау жұмысын аяқтады. Өтінімдер 1-6 наурыз аралығында қабылданды.

Биыл киножобалар конкурсына 323 өтінім түсті. Ұсынылған материалдарды тексеру нәтижесінде 277 өтінім Сараптама кеңесінің қарауына жолданды.

Өтінімдердің басым бөлігі ойын киносы секциясына түсті – 239. Оның ішінде 205 жоба сараптамалық қарауға жіберілді.

Анимация секциясы бойынша 37 өтінім қабылданып, оның 28-і Сараптама кеңесіне жолданды. Деректі-хроникалық фильмдер санаты бойынша 47 өтінім түсіп, оның 44 жобасы сараптамалық қарауға жіберілді.

Жалпы саны 46 өтінім кері қайтарылды. Оның 36-сы қайталанған өтінімдер болса, 4 жағдайда сценарий ұсынылмаған, тағы 4 өтінім белгіленген лимиттен артық берілген, 2 өтінім тиісті емес санатқа жолданған.

Келесі кезеңде Сараптама кеңесінің мүшелері ұсынылған сценарийлер мен сценарийлік жоспарларды тиісті секциялар бойынша қарайды. Нәтижесінде конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне өтетін жобалар анықталады.

32
11.03.2026