
«Astana Ballet» театры израильдік хореограф Шахар Биньяминидің қойылымындағы Морис Равелдің аңызға айналған музыкасын радикалды хореографиялық тұрғыда қайта пайымдайтын «Bolero X» заманауи балетінің премьерасын ұсынады.
Бұл «Болероның» иллюстрациясы емес, оның пластикалық тұрғыдағы жаңа оқылымы. Гипноздық ырғақ пен шиеленістің біртіндеп күшеюі сахналық әрекетке ұласып, басты рөлді ұжымдық энергия атқарады. Спектакльдің өзегінде 50 бишіден тұратын ансамбль бар. Үйреншікті солистік фокустан бас тартып, хореограф қайталанатын құрылымдар, қозғалыс толқындары және үнемі өзгеріп отыратын топтық динамика арқылы «біртұтас ағза» түзеді. Осылайша бірлік, ұжымдық сәйкестік және жеке тұлғаның топпен диалогы тақырыптары ашылады.
Атаудағы «X» әрпі қиылысу нүктесін білдіреді. Бұл өткен мен бүгіннің, музыка мен қозғалыстың, жеке мен ортақтың тоғысатын орны. Қойылым халықаралық деңгейде кең танылып, Еуропа, Солтүстік Америка және Азиядағы ірі сахналарда гастрольмен көрсетілді, Ballet BC қатарлы жетекші компаниялар үшін қойылып, Tanz Akademie Zürich ұйымымен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.
Премьерлік көрсетілімдер 27–28 наурызда Арман Оразғалиевтің басқаруындағы «Astana Ballet» театрының Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.
