Алтын Орданың мұрасы Астанада жаңғырады: Creative Aimaq Ұлытау өңірінің креативті әлеуетін таныстырады

Алтын Орданың мұрасы Астанада жаңғырады: Creative Aimaq Ұлытау өңірінің креативті әлеуетін таныстырады

2026 жылғы 18–19 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында «Алтын Орданың мұрасы: Ұлы даладан туған өнер» атты көрме-жәрмеңке өтеді. Іс-шараны «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Жоба Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, отандық шеберлерді, дизайнерлерді, суретшілерді және креативті индустрия өкілдерін қолдауға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды заманауи тұрғыда жаңғырту арқылы креативті экономиканы дамытуға бағытталған.

Екі күн бойы келушілер Ұлытау өңірінің шығармашылық әлеуетімен танысып, авторлық зергерлік бұйымдарды, қолөнер туындыларын, кескіндеме жұмыстарын, құрақ көрпе өнерін, Ethno Fashion топтамаларын тамашалай алады. Сонымен қатар отандық шеберлердің бірегей бұйымдарын сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Көрмеде Ұлы даланың мәдениеті мен Алтын Орда дәуірінің рухынан шабыт алған ерекше туындылар ұсынылады. Көрменің маңызды бөлігі – мазмұнды білім беру бағдарламасы. Қонақтарға былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық өнер, ұлттық музыкалық аспап жасау, зергерлік және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Бағдарламаның ең жарқын оқиғаларының бірі – Ethno Fashion Show. Онда отандық дизайнерлер Ұлы дала өркениеті мен Алтын Орда мұрасынан шабыт алған жаңа сән топтамаларын көпшілік назарына ұсынады. Ал алғашқы күннің кеші Jez Acoustic Band тобының концерттік бағдарламасымен қорытындыланады.


266
17.07.2026