Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты Сиддик Байрам бұл фильмді жоғары бағалады.
«Бұл фильм Орталық Азиядағы ең мазмұнды фильмдердің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүр және бала жанының нәзік психологиясы ашылады. Біз фильмнің әрі қарай да биіктерді бағындыратынына сенеміз», — деп атап өтті афгандық режиссер Сиддик Байрам.
Режиссер Асхат Көшінішірековтің «Бауырына салу» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсыну үшін бекітілді. Ол альянс мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «Тұлпар» ұлттық сыйлығының ең жоғары марапатын алды және «International Feature Film» номинациясында Қазақстанды ұсыну үшін Оскар комитетіне ұсынылды.