Конкурс ұлттық фортепиано мектебін дамытуға және дарынды жас музыканттарды қолдауға, сондай-ақ классикалық және академиялық музыканы, қазақстандық композиторлардың музыкасын және фортепианолық орындаушылықты дәріптеуге бағытталған. Ұйымдастырушылар қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, олардың кәсіби дамуына және халықаралық жобаларға дайындығына жәрдемдесу міндеттерін қойып отыр. Сонымен қатар, олар классикалық музыкаға назар аударуға және педагогтар мен оқушылар арасында тәжірибе алмасу үшін жағдай жасауға ұмтылады.
Конкурсқа Қазақстанның мәдениет және өнер білім беру ұйымдарында «Фортепиано» мамандығы бойынша оқитын 7-ден 18 жасқа дейінгі жас пианистер қатыса алады. Бұл ретте алдыңғы конкурстардың Гран-при және бірінші орын иегерлері ағымдағы конкурста өз жас санатында қатыса алмайды. Конкурс төрт жас тобында өткізіледі: 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас және 16-18 жас.
Конкурстың бірінші күні жеребе тарту және «С» санатындағы қатысушылардың тыңдалымы, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген әртісі А. Тебенихиннің шеберлік сыныбы өтті. Конкурстың онлайн-трансляциясы ҚазҰӨУ-нің YouTube-арнасында қолжетімді.
Толығырақ ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: www.pianopassion.kz.