
2026 жылғы 28 қаңтар күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет саласының үздігі Мақсат Медеубектің «Qobyz soul – Dastur» атты концерті өтеді.
Концерттік бағдарлама түркі халықтарының музыкалық дәстүріне негізделіп, туыстас елдердің мәдени мұрасын айшықтайтын шығармаларды қамтиды.
Кеш барысында қобыздың шығу тарихы, даму жолына арналған туындылар орындалып, түркі дүниесіне ортақ қобыз орындау техникасы мен әдіс-тәсілдері көрермен назарына ұсынылады.