Әдебиет саласындағы жобаларға 50 млн теңге көлемінде грант бөлінеді

Әдебиет саласындағы жобаларға 50 млн теңге көлемінде грант бөлінеді

Отандық әдебиетті, кітап басып шығаруды және цифрлық оқу технологияларын дамытуға бағытталған шағын стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған гранттық конкурсқа өтінім қабылдау басталды.

Конкурс аясында 10 жобаға 5 млн теңгеге дейін грант беріледі. Гранттардың жалпы қоры 50 млн теңгені құрайды.

Қолдауға әдеби шығармаларды әзірлеу, кітап шығару және әдебиетті жаңа форматта ұсынуға бағытталған жобалар, соның ішінде комикстер, балалар әдебиеті, көркем шығармалар және цифрлық оқу технологиялары саласындағы жобалар қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі - Қазақстан аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген, хабарландыруда көрсетілген креативті индустрия бағыттарына сәйкес келетін өтінім берушілер қатыса алады. Өтінім берушінің салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша орындалмаған берешегі болмауы тиіс. Конкурсқа Qazaq Creative цифрлық платформасындағы креативті индустриялар субъектілерінің тізілімінде тіркеуден өткен тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа өтінімдер 2026 жылғы 28 қыркүйекке дейін, сағат 18:30-ға дейін қабылданады. Конкурс талаптары, қатысу шарттары, қажетті құжаттар тізімі және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат цифрлық платформаның «Қолдау шаралары» бөлімінде жарияланған.

Конкурс талаптары, қажетті құжаттар тізімі және өтінім беру тәртібімен осы сілтеме арқылы толық танысуға болады.

Әдебиет пен цифрлық оқу саласында жобасы бар авторлар мен кәсіпкерлер үшін өз идеясын дамытуға мүмкіндік беретін қолдау тетіктерінің бірі.

15
18.08.2026