
Qazaq Creative пен FUNTECH, Қазақстандағы Yango сервистерінің лицензиялық операторы, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. FUNTECH Қазақстанда «Яндекс Музыка», «Яндекс Книги» және «Кинопоиск» сервистерін ұсынады.
Құжатқа Креативті индустрияларды дамыту қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов пен FUNTECH директоры Владимир Горбунов қол қойды.
Ынтымақтастық аясында білім беру және акселерациялық бағдарламалар, шеберлік сабақтары, дәрістер мен сараптамалық сессияларөткізу жоспарлануда. Негізгі бағыттар: цифрлық технологиялар, контент, ілгерілету және креативті өнімдерді дамыту.
Ынтымақтастықтың мақсаты, отандық креаторларға өнімдерін дамытуға және кең аудиторияға шығаруға қажетті практикалық құралдар ұсыну.