
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыға ресми сапары барысында Ресей Президенті Владимир Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты.
Туынды кейіпкерлерінің таңдалуы көрнекті қазақ ғалымы, ағартушы әрі саяхатшы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевский арасындағы тарихи достықпен байланысты. Олардың рухани үндестігі мен хат алмасуы екі елге ортақ мәдени мұраның маңызды бөлігіне айналды.
Картина Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжылдық мәдени байланыстарды, сондай-ақ екі көрнекті тұлғаның тағдырында Омбы қаласының айрықша орын алғанын бейнелейді.