24KZ эфирінде креативті индустрияның экономикалық әлеуеті талқыланды

24KZ эфирінде креативті индустрияның экономикалық әлеуеті талқыланды

Креативті индустрияларды дамыту қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстандағы креативті индустрияның қалыптасуы мен экономикалық әлеуетін, сондай-ақ Қор жүзеге асырып жатқан жобалардың нәтижелерін таныстырды.

Сұхбатта Creative Aimaq жобасының нәтижелері де қамтылды. Жобаға 800 креатор қатысып, жәрмеңкелерге 80 мың тұрғын мен елорда қонағы келді. Жалпы сауда көлемі 170 млн теңгені құрады. Жоба өңірлік креаторлардың өнімдерін кең аудиторияға танытуға және өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған.

Креативті кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Шымкент және Астана қалаларында оқыту бағдарламалары жүргізілуде. Оларға 650-ден астам креатор қатысып, өнімнің өзіндік құнын есептеу, бизнес-жоспарлау, өнімді нарыққа шығару және инвестиция тарту бойынша практикалық білім алуда.

Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) Жаһандық инновациялық индексіндегі «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 28 орынға көтерілді. Бұл нәтиже креативті экономиканы дамыту, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық креаторлардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстардың өзектілігін көрсетеді.

22
21.10.2026