1997 жылы 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.

1997 жылы 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.

Мәселен, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» атты халықаралық көрме ашылды.

Онда қуғын-сүргінге ұшыраған Сұлтанбек Қожановтың, Фазифа Зарыпқызының, Таниберген Отарбаевтың фотоқұжаттары, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың құжаттары, Сәкен Сейфуллиннің, Халел Досмұхамедовтың заттары Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасының Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы қорынан қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мұрағаттық құжаттары ұсынылды.

Қатаң террор кезінде Өзбекстанға кетуге мәжбүр болған 69 қазақстандықтың есімдері жазылған стендтер ерекше назар аудартады.

Іс-шара аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты өзекті мәселелерді талқылаған қатысушылармен «Орталық Азия елдеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысы: нәтижелер және жалпы мәселелер» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Спикерлер - Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандары мемлекеттік мұражайының директоры, «Шаһидлар хотирасы» қоғамдық қорының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бахтияр Хасанов «Жаңа Өзбекстандағы тоталитарлық кеңес режимі кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым өкілдерінің есімін мәңгі есте қалдыру бойынша реформалар" тақырыбында сөз сөйледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих ғылымдарының докторы, профессоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев - «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің себебі мен салдары» туралы ақпаратпен, Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандары мемлекеттік мұражайының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы Бахром Ирзаев «Өзбекстанға қоныс аударған қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтардың тарихын бірлесіп зерттеу перспективалары» туралы айтты.

ҚР Ұлттық кітапханасында тарихи-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынған бірегей ақпарат, XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының шығармалары мен қолжазбаларының түпнұсқалары, ұлттық қайраткерлер мен қазақ зиялыларының еңбектері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарының естеліктері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы қолжазбалар мен зерттеу жұмыстары ұсынылды.

345
31.05.2024