Биылғы күзде Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай Golden Horde - «Алтын Орда» атты тарихи деректі киножобасы басталады.

Биылғы күзде Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай Golden Horde - «Алтын Орда» атты тарихи деректі киножобасы басталады.

Жошы ханның кесенесі Ұлытау облысында орналасқан.

Драмалық дастан алты бөлімнен тұрады. «Golden Horde» тарихи жобасының түсірілімі Қазақстан мен Түркия аумағында өтеді. Жобаның продюсері Karga Seven Pictures креативті директор Эмре Шахиннің жетекшілігімен. Студия ауқымды деректі драмаларды шығаруымен танымал — Netflix үшін «Империяның шығуы: Осман империясы» және «Завет: Мұса пайғамбардың тарихы». Олар әлемнің 90-нан астам еліндегі үздік 10 сериалға кірді, деп атап өтті қорда.

«Karga Seven Pictures» өкілдері

«Жошы ханның өмір жолы өте эпикалық, ол, сөзсіз, бүкіл әлемнің көрермендері үшін үлкен қызығушылық тудырады. Осы ауқымды тарихи жобаны іске асыруда Dara қорымен серіктес болғанымыз біз үшін үлкен мәртебе», — деді Эмре Шахин.

2024 жылы Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Жошы ханның кесенесі Ұлытау облысында орналасқан. Тарихи драманы жасаушылар жаппай аудиторияға, қазақ халқының ұлы тарихын танымал етуге, халықаралық аудитория тарапынан Қазақстанға қызығушылықты арттыруға үміттенеді.

Сонымен қатар, айтулы дата тақырыбына, Жошы Ұлысының нақты құрылғанына 800 жыл толуына орай. біздің мемлекеттілігіміздің көп ғасырлық тамырын көрсететін үлкен зерттеу жұмысы жүргізілуде. Биыл Қазақстан тарихы бойынша көптомдықты дайындау аяқталады. Бұл 200-ден астам отандық ғалым және 60-қа жуық шетелдік маман жұмыс істейтін ауқымды еңбек.

Фото: daraqory.kz

563
24.05.2024