
Астанада Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өтті. Елордалық креатор, қолөнер шебері Нұргүл Ялымова мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың аналарына арнап тақия кестелеу бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Қатысушылар сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерімен танысып, өз қолымен ұлттық бұйым жасап көрді. Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар кесте тігу әдісін үйреніп, ою-өрнектердің мәнімен танысты.
Ұйымдастырушының айтуынша, жобаның басты мақсаты — ұлттық дәстүрлерді сақтау, шығармашылық қабілетті дамыту және ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
Креатор мұндай қайырымдылық шығармашылық сағаттарын мектептерде, қарттар үйлерінде және ауруханаларда да тұрақты түрде өткізіп тұрады.